Мен не себепті намаз оымаймын?
— 24.02.2010
Сен өзіңе-өзің:
- «Мен не себепті намаз оқымаймын?»
- «Адамдар мешітке барып, құлшылық жасауға сәл болса да тырысып жатқанда, мен неге бармаймын?»
- «Адамдар арасында Аллаһтың азабынан қорқып, сәждеге бас ұратындар бар, ал мен неге ондай емеспін?»
- «Менің олардан қай жерім кем?» деп сұрақ қойып көрдің бе? Жоқ әлде сен өзіңді олардан жоғары санаймысың? Олардың бұл әрекетін «төмендік, артта қалушылық» деп санаймысың? Демек, сенің қолыңды кеудеңе қойып, Жаратушыңның алдына келіп, шынайы түрде жалбарынуыңа тәкаппарлық кедергі болғаны ғой. Жоқ, тәкаппарлық деген... Жо-жоқ! Аллаһ сені одан сақтасын деймін. Жоқ, Аллаһ тәкәппарлықты басқа жазбасын!
Немесе намаз оқымаушы әйелге қарап: «Әй, Аллаһтың күңі! Сен намазды тек ер адамдарға жүктелген деп ойлаймысың? Аллаһпен ант етемін, намаз ерлерге қалай жүктелсе әйелдерге де тура сол дәрежеде жүктелген. Намаз кез-келген адамның міндеті, әрбірінің мойнына жүктелген парыз. Орындамаған адам ері болсын, әйелі болсын тегіс сұраққа түседі»-деймін.
Ей, намаз оқымаушы, бері қара да ренжіме. Мен сенің ашуланғаныңды емес, керісінше, бар болғаны жәннат бақтарына бірге жетуімізді қалаймын. Әлде сен жәннатты керек етпейсің бе...?
Намаз оқуды көптеген жандар, тіпті Исламға жақындығы жоқтар да қалап, аңсайтынын хабарлағым келеді саған. Аллаһ сені мұсылман еткенін көріп, олар саған қызғанышпен қарайды. Бұны Аллаһтың өзі баяндап, Қасиетті Құранда:
} رُّبَمَا يَوَدُّ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوْ كَانُوا مُسْلِمِينَ {
«Кәпір болғандар әлі мұсылман болуды қалайды»-деген. Аллаһ саған бес уақыт намазды жүктегенін де қызғанады, себебі намаз себебімен дінге кіргендер көптеп кездеседі емес пе?! Рено есімді франсуз: «Әрдайым мешітке кіргенімде, мені бір ұнамды сезім құрсап алатын»-дейді. Басқаша айтсақ, өзінің мұсылман еместігі оны таңқалдыратын. Ал енді сен мұсылман бола тұра Аллаһтың үйіне кіруге аяғың баспай ма? Бұлай жасаудан тартынамысың? Намаз оқығың келмей ме? Әлі күнге шейін намаз оқымауыңа не себеп? Маған ашылып, сырыңды айтшы, Аллаһпен ант етейін, сенің сөзіңді соңына дейін тыңдап, сенің қиыншылығыңды түсінуге тырысамын. Тек не үшін намаз оқымайтыныңа жауап берші. Мүмкін бірігіп шешімін табармыз.
Томас Арнольд есімді біреу жайында да айтып берейін. Бірде ол: «Мұсылмандармен алғаш кездескен адам таң қалып, тіпті қатты әсер алуы мүмкін. Шынымен де, қай жерде болсын, жай жолда ма, жоқ темір жол платформасында ма, жоқ жайылымды алқапта ма, нақты белгіленген уақыты келгенде сол адам барлық жұмысын тастап, асықпай намазына кірісетіні көкейде ризашылық тудырады»-деген.
Ал сен Мысырдағы яһудилер қоғамының ақсақалы Зәкки Ғариб жайында естуің бар ма? Ол: «Мен неге Ислам қабылдамадым?»-деген сұрақты өзіме әркез қоямын. Бұл менің мазамды алып, тыныштығымды кетірген сауал. Ауылшаруашылық плантацияларында адамдар жаппай намаз оқуға кіріскенде бұл сұрақ менің мазамды алып, «Олар жасап жатқанындай мен де намаз оқып көрсем бе екен?» деген ой туатын. Аллаһқа мадақ, бұл мені Исламға әкелді. Алайда бұл менің намаздан алпыс бес жыл бойы алыс болғанымнан кейін келді»-деген.
Намаз оқуға деген құлшынысы зор бола тұра ол Исламды алпыс бес жасында қабылдаған. Мен мұны не үшін айтып тұрғанымды түсінемісің? Яһудилер мен христиандар біздің намазымызды қалайтынын білесің ғой, ал өзің мұсылман бола тұра оны тастайсың ба? Қолда бар алтынның қадірі жоқ деген осы ғой, сірә! Мұсылманның санын толтырып, сапасына нұқсан келтіріп жүргеніңе ұялмайсың ба? Аллаһ сенің Исламыңды алып қояды деп еш қорықпаймысың? Мен сен үшін алаңдаймын. Тезірек тұр, Жаратушың Аллаһқа құлшылық жасап, намаз оқуға асық!
Мүмкін дұрыс ойлап таптым дегендей: «Достым, менің жұмысым бар. Ақша табу керек. Намаз оқуға қолым тимей жүр»-дегендей жаңа сылтау таптың ба? Бұл сенің сылтауың ба? Бұл сөзің шындыққа еш жанаспайды емес пе? Аллаһтың елшісі саллаллаһу аләйһи уа сәлләм не дегенін тыңдап көрші. Ол кісі: «Алла тағала: «Шын мәнінде біз мал-мүлікті намаз оқылып, зекеті төлену үшін түсірдік»-деді»-дейді. Сенің ақша табуыңа себеп болатын жұмысың саған не үшін берілгені түсінікті болды ма? Ол дүниеңді Аллаһ намазды орындап, зекетін төлеу үшін берген. Аллаһ мейірімі арқасында жұмыс жасап, намаз оқымай жүрсең, ертең бұл өзіңе қарсы болатыны анық қой. Сәл болса да ой жүгіртсең болмай ма?
Сонда да қолыңның бос еместігін айтасың ба? Уақытың жоқ па? Намаз себебінен ақшаң мен мал-мүлкіңді жоғалтып аламын деп қорқасың ба? Бұлай жасауың керісінше сені шығынға әкеледі. Діни міндеттемелерден алаңдатып, қолдарын мал-мүлік пен жұмыс құрсаған адамдарға Аллаһтың не дегенін байқап қарашы. Олар төмендегі аятта мысал етілген адамдар тобына кіреді:
{ وَالْآخِرَة خَيْرٌ وَأَبْقَى $ بَلْ تُؤْثِرُونَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا }
«Жоқ, сендер дүние өмірін жоғары қоясыңдар. Негізінен ақырет жақсырақ әрі мәңгі»-деген. Сондай-ақ тағы бір аятта:
} إِنَّ هَؤُلَاء يُحِبُّونَ الْعَاجِلَة وَيَذَرُونَ وَرَاءهُم يَوْمًا ثَقِيلًا {
«Әлбетте, бұлар жақын өмірді сүйеді және ауыр күнді артқа тастайды»-деген. Ал сен пайғамбарымыздың саллаллаһу аләйһи уа сәлләм мына хадисін естідің бе? Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уа сәлләм Аллаһ тағаланың сөзін жеткізіп: «Ей, адам, маған құлшылық қылуға уақыт бөл. Мен сенің жүрегіңді байлыққа толтырып, сені кедейліктен сақтаймын. Ал егер бұны жасамасаң, жұмысыңды көбейтемін де сені кедейліктен құтқармаймын»-деген. Естідің бе?! Аллаһ тағала мен оның елшісі саллаллаһу аләйһи уа сәлләм ешқашан жалған айтпайды. Шын мәнінде ризықты үлестіруші ол Аллаһ. Ақша мен байлықты өзі қалай берсе, тура солай алып қоя алады. Келісемісің?
Осындайдан кейін де намаз оқымайтындарға таңым бар! Кейде бір дүңгіршектегі сатушы немесе фабрикада істеуші адамға: «Бауырым, намаз уақыты келіп қалды, жүр, намаз оқып қайтайық»-десең, ол тараптан: «Жұмыс деген құлшылық қой»-дегендей жағымсыз әрі пасық сылтау естисің. Парыз етіліп, мойынға жүктелгеннен алаңдататын жұмыс құлшылық бола ала ма?! Бұл қандай құлшылық?!
Әй, намазға салғырт қараушы жан! Егер де сен жұмысқа бола намазды тастап: «Дүңгіршегімді жауып намазға барсам елу тиынымды ала алмай шығынға ұшыраймын»-деп қорықсаң, сөзсіз осы дүниемен мастанып қалған үлкен шығындағы адамға айналасың. Себебі бұл парыз сау тұрмақ ауру адамның да мойнынан түспейді. Ауру адамға жүктелген болса, сау болып жұмыс істеп жүрген адам сұралмай қайда бармақ?
«Намаз оқуыңа не кедергі?»-дегенге басқа біреу: «Әй, бауырым, тыңда мені. Ең маңыздысы жан емес пе? Ал менің жаным, ниетім таза ғой. Мен намазсыз да Аллаһты жақсы көремін»-дейді.
Бұл тек ақымақ адамның айтар сөздері десек қате кетпейміз. Бұған өздеріңіз де келісетін шығарсыздар. Адамның жанын Аллаһтан басқа кім біледі? Сенің жүрегің шынымен де таза шығар, ал оны қалай байқауға болады? Мен үшін жан тазалығының дәлелі тек намаз. Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уа сәлләм: «Сенім мен күпірлік арасы-намазды тастау»-деген. Демек, намаз оқымау арқылы сен пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уа сәлләм «күпірлік» деп атаған нәрсені жасайсың. Ал күпірлігі бар адамның жүрегі, жаны таза болады дегенге өзің келісе аласың ба? Жүрегің таза болса иман белгісі болып табылатын намазды неге оқымайсың?!
Намаздың сен үшін маңызы жоқ деймісің?! Аллаһтың бұйрығы сен үшін маңызсыз ба? Егер де сенің жұмысыңның бастығы саған бір жұмыс тапсырып, сен оған: «Бұйрықтарың мен үшін маңызсыз, құны жоқ бос сөз»-десең, жазаң не болмақ?! Кем дегенде жұмысыңнан айрылатының рас қой?! Аллаһ келтірілген мысалдардан жоғары. Ондай болса Аллаһтың:
{ وَ أَقِيمُواْ الصَّلاة }
«Намазды толық орындаңдар»-деген әмірін түкке тұрғысыз деп айтуға қалай ғана дәтің барады?! Мұндай сөздер үшін адам Исламынан да айрылып қалуы ғажап емес. Сол үшін жаным таза десең, дәлелдеп бақ, намаз оқы!
Не дейсің? «Ертең немесе жұма күні немесе Рамазанда бастаймын»-деймісің?! Жұмаға жетпей, о дүниелік болсаң не істер едің? «Ниетім таза, өмірім жетіп, өлмей тірі қалғанымда намаз оқитынымды Аллаһ біледі» деп ойлаймысың? Жақсы ниет жаман істі жақсы қылып өзгертпейді, ал жаман ниет жақсы ісіңнің өзін бүлдіріп, керексіз ететінін естімеп пе едің? «Бір жылдан кейін намаз оқимын, екі жылдан кейін ораза ұстаймын, үш жылдан соң сақал жіберемін»-дегенді елестетіп қарашы! Жай ниетпен жүріп сауап жинаймын деген ақылға сыймас ақымақтық емес пе? Жоқ, бауырым, ниет деген соңынан амалды талап етеді.
Мүмкін осы арада бірен-біреу: «Болды, жетер! Сен тым қатты кетіп барасың. Аллаһ тағала ерекше Мейірімді, күнәларды Жарылқаушы емес пе? Осы күнәмізді кешірер»-деп айтуы ғажап емес. Иә, Аллаһ тағала ерекше Мейірімді, күнәларды Жарылқап, Кешіруші екені рас. Алайда бойұсынбайтын адамның оның мейірімінен үміттенуі ақылының таяздығын, қасіретке ұшырағандығын білдіреді. Аллаһ бұйырған істі орындамай оның мейірімінен үміт етсең нағыз ақымақтың өзі боласың. Сол үшін де ең алдымен бойұсынып, содан кейін ғана Оның мейірімділігін айтып, Оның мейірімі мен рақымынан үміттен.
Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уа сәлләм: «Көздерімнің рақаты намазда»-деген. Намаздың неткен ғажап екенін байқап қарашы! Басқа бір хадисте Аллаһ елшісі саллаллаһу аләйһи уа сәлләм Ұлы Раббысының сөзін жеткізіп: «Мен құлым екеуіміздің арамызға намазды бөліп қойдым»-деген. Аллаһ тағаланың бұл айтқан сөзін түсініп тұрмысың?! Сенің намазың өзің мен Раббың араларыңда бөлініп қойылған. Жай ғана елестетіп, өміріңде бір атақты, мансапты, бай-қуатты адаммен кездесу маңдайыңа жазылып қалды деп ойла. Сен сол кездесуге барар ма едің?! Сөз жоқ, жоқ демесің анық қой. Тіпті барып келгеннен кейін сол кездесу есіңнен кетпестей болып қалары да анық емес пе?! Ал Аллаһпен, Әлемдер Раббысымен, Құдіреттімен сұхбаттасуға қалай қарайсың?!
Ойланып қарашы, намазды зорлықпен орындату керек болған нәрсе ме?!
Намаз денсаулыққа немесе ахуалдық жағдайға зиянын тигізе ме?!
Намаздың ешқандай да пайдасы жоқ па?!
Намаз оқыған адам неден ұтылады, не жоғалтады?!
Біреу жақсылық жасай қалса, асты-үстіне түсіп, ризалығын білдіріп, алғыс айтатын болса, осындай нығметтер үшін Раббысына алғыс айтудан неге бас тартады?! Неге шүкірлік етіп намаз оқымасқа?! Сондықтан-да, намазды әдейілеп тастаушылардан болмайық.
Намаз оқып, Раббымыздың азабынан қорқайық! Азабынан құтылудың қамын жасайық!
Намаз оқып, ризалық білдіруші құлдардан болайық!
Аллаһ дәрежемізді көтерер, намаз оқиық!
Намаз оқып, екі дүниеде де амандыққа жетейік!
Аллаһым, бізді намаз оқушы құлдарыңның қатарына қоса гөр!!!
http://my.mail.ru/community/dinislamdingegim/
Полная загрузка станков: где искать выгодные заказы на механическую обработку металла
ОМД 27 декабря 2025 Нарядила дачу
С добрым утром, коттаны!
Небесное
Россия и Афон, или Об управлении мифами при его финансировании из кошельков
Сферы влияния России
Комиксы на нейронках - Джедай Микки, Ведьмак и Терминатор
Такие разные горы
Прошедший год

